06.05.2026 12:04
«Атлетико» антирекорд орнатты
06.05.2026 12:04
Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчында «Атлетико» сырт алаңда «Арсеналға» 0:1 есебімен жол берді

Осылайша «матрасшылар» осы маусымда барлық турнирді қоса есептегенде қақпасына 74 гол өткізіп алды.
Бұл Диего Симеоне бас бапкер болғалы, яғни 2011 жылдан бері тіркелген ең нашар көрсеткіш.
Мадридтің клубы келесі матчын 9 мамыр күні Испания Ла Лигасының 35-туры аясында «Сельтаға» қарсы өз алаңында өткізеді.