10.02.2026 17:39

«Реал» ойыншысы «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

10.02.2026 17:39

«Реал» жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

Topskills Sports UK хабарлауынша, бас бапкер Альваро Арбелоа оны өз командасында көрмейді. Тіпті осы маусымда түгелімен қосалқы құрамда қалдыруы мүмкін. Сондықтан басшылықтан оны келер жазда сатып жіберуді сұрапты.

Қазіргі таңда Камавингаға «Ливерпуль» және тағы басқа топ-клубтар көз тігіп отыр. «Бланкос» 70 миллион еуро көлемінде ұсыныс түссе сатуға дайын екен.

23 жастағы француз осы маусымда 26 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram