10.02.2026 14:31
Ришарлисон «Фламенгоға» ауысуы мүмкін
10.02.2026 14:31
«Тоттенхэм» шабуылшысы Ришарлисон отанына оралуы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, оған «Фламенго» қызығушылық танытып отыр. Бразилияның клубы 28 жастағы форвардты Әлем чемпионатынан кейін қатарына қосқысы келеді. «Қызыл-қаралардың» басшылығы бұл трансферге 30 миллион еуро бөлуге дайын.
Одан бөлек футболшыға «Атлетико», «Галатасарай» және «Әл-Хиләл» көз тігіп отыр екен.
Ришарлисон осы маусымда 31 матчта сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Ол 10 қаңтар күні сан бұлшық етін зақымдап алып, содан бері алты матчқа қатыспады.