10.02.2026 12:49

«Бавария» әлемнің үздік клубы атанды

10.02.2026 12:49

«Бавария» IFFHS нұсқасы бойынша қаңтардың үздік клубы атанды

Мюнхеннің клубы өткен айда ПСВ-ны (2:1), «Юнионды» (2:0), «Лейпцигті» (5:1), «Кёльнды» (3:1), «Вольфсбургты» (8:1) және «Зальцбургты» (5:0) тізе бүктірді. Сондай-ақ «Гамбургпен» (2:2) тең түссе, «Аугсбургқа» (1:2) есе жіберді.

Осылайша Венсан Компанидің шәкірттері жүлдеге таласта «Челсиді», «Барселонаны», «Арсеналды» және «Ливерпульды» артқа тастады.

Желтоқсанда бұл аталым бойынша ПСЖ топ жарған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram