10.02.2026 10:58

Гави қатарға оралды

10.02.2026 10:58

«Барселона» жартылай қорғаушысы Гави қатарға оралды

21 жастағы испаниялық ойыншы жеке бағдарлама бойынша доппен шынығуды бастапты. Енді жақында топпен жаттығуға да қосылады.

Ол осыған дейін қыркүйек айында тізесіне ота жасатып, содан бері 34 матчтан тыс қалған еді.

Гави осы маусымда екі матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram