10.02.2026 08:51

«Ювентус» ойыншысын сақтап қалмақ

10.02.2026 08:51

«Ювентус» Уэстон Маккениді ешқайда жібергісі келмейді

Николо Скираның хабарлауынша, Туриннің клубы Уэстонға үш жылға жарамды болатын жаңа келісімшарт ұсынуға дайын. Оған сәйкес, оның бір жылдағы жалақысы шамамен төрт миллион долларды құрайды.

Қазіргі таңда 27 жастағы АҚШ жартылай қорғаушысына Франция, Италия, Испания, Англия, Түркия және MLS клубтары қызығушылық танытып отыр екен.

Маккени осы маусымда 33 матчта жеті гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram