10.02.2026 08:30

Рафинья: «менде бәрі жақсы»

10.02.2026 08:30

«Барселона» дүлдүлі Рафинья өзінің жағдайына қатысты пікір білдірді

– «Менде бәрі жақсы. Бейсенбі күні алаңға шығамын ба, шықпаймын ба білмеймін. Көреміз. Бірақ, қауқарым жетеді. Команданы сағындым»,– деді Рафинья.

29 жастағы бразилиялық вингер осыған дейін оң аяғының бұлшық етін зақымдап алып, «Альбасете» (2:1) мен «Мальоркаға» (3:0) қарсы матчқа қатыспаған еді. Ол осы маусымда 22 матчта 13 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, «Барселона» бейсенбі, 12 ақпан күні Испания кубогының жартылай финалы аясында «Атлетикомен» кездеседі.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram