09.02.2026 21:21
Салах «Әл-Насрға» ауысуы мүмкін
09.02.2026 21:21
«Ливерпуль» дүлдүлі Мұхамед Салах ат басын Сауд Арабиясына бұруы мүмкін

Mirror Football хабарлауынша, 33 жастағы мысырлық вингерді «Әл-Наср» аттай қалап отыр. Клуб оны Криштиану Роналдудың орнын басатын футболшы деп есептейді. Сондықтан келер жазда ұсыныс жасамақ ниетте.
Егер Мұхамед бұған келіссе, оның бір аптадағы жалақысы 1,2 миллион фунт стерлингті құрайды екен. Бұл қазіргісінен үш есе көп.
Салах Мерсисайд клубының намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 25 матчта алты гол соғып, алты нәтижелі пас берді.