10.02.2026 14:09
Жозе Моуринью Португалия құрамасын тізгіндеуі мүмкін
10.02.2026 14:09
«Бенфика» бас бапкері Жозе Моуринью Португалия құрамасының бас бапкері атануы мүмкін

ESPN хабарлауынша, «селесао» 63 жастағы маманды 31 шілде күні келісімшарты аяқталатын қазіргі тәлімгер Роберто Мартинестің орнына шақырғысы келеді.
Жозе «Бенфиканы» қыркүйек айынан бері жаттықтырып келеді. Оған дейін «Фенербахче», «Рома», «Тоттенхэм», «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Реал», «Интер» және «Портуды» баптаған.
Ал Португалия 2026 жылғы Әлем чемпионатында Колумбия, Өзбекстан және Конго / Ямайка / Жаңа Каледониямен бірге К тобында ойнайды. АҚШ, Канада және Мексикадағы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.