02.02.2026 12:42

«Реал» ойыншысы АПЛ-ге ауысуы мүмкін

02.02.2026 12:42

«Реал» вингері Браим Диас мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, оған «Ньюкасл», «Астон Вилла» және «Тоттенхэм» көз тігіп отыр. Браимнің өзі көбірек ойын уақытын алу үшін клуб ауыстыруға дайын екен.

Ал «Реал» 26 жастағы марокколық ойыншыны сату арқылы кемі 60 миллион еуро пайда тапқысы келеді.

Диас осы маусымда 21 матчта бір гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram