02.02.2026 10:01
Джуд Беллингем қатардан шықты
02.02.2026 10:01
«Реал» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем жарақат алды

22 жастағы англиялық ойыншы «Райо Вальеканоға» (2:1) қарсы ойында сол аяғының бұлшық етін зақымдап алған еді. Осыған байланысты шамамен бір ай алаңға шыға алмайды.
Бұл оның мансабындағы сегізінші жарақаты болды. Бұған дейін 149 күні емделуге кетіп, 25 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 28 матчта алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.