02.02.2026 10:46

Мерино үшін маусым аяқталды

02.02.2026 10:46

«Арсенал» жартылай қорғаушысы Микель Мерино ауыр жарақат алды

29 жастағы испаниялық жартылай қорғаушы «Манчестер Юнайтедке» (2:3) қарсы матчта оң аяғының табан сүйегін сындырып алыпты.

Осыған байланысты маусымның қалған бөлігін өткізіп алады. Оған жақында ота жасалады екен.

Бұл оның мансабындағы 17-жарақаты болды. Осыған дейін 319 күні емделуге кетіп, 70 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 33 матчта алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram