02.02.2026 11:59
Канте Еуропаға оралады
02.02.2026 11:59
«Әл-Иттихад» жартылай қорғаушысы Н'голо Канте «Фенербахчеге» ауысуға жақын

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, қос клуб толықтай келісімге келді. Одан бөлек Түркияның клубы Кантемен де ауызша сөз байласып қойған. Трансфер құны шамамен төрт миллион еуроны құрайды. Ал келісімшарт 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болады. Н'голо жақында медициналық тексерістен өтеді екен.
34 жастағы француз осы маусымда 26 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді