11.09.2025 10:01
«Реал» Барколяға көз тікті
11.09.2025 10:01
ПСЖ ойыншысы Брэдли Барколяға «Реал» көз тікті
Fichajes мәліметінше, мадридтік клуб франциялық шабуылшыны Родригоны лайықты түрде алмастыратын ойыншы ретінде көреді.
Ал ПСЖ Барколямен қош айтысқысы келмейді. Керісінше, келісімшартты мейлінше тез ұзартып алуға талпынып жатыр. Осыған байланысты қазір клубтың кеңесшісі Луиш Кампуш пен 23 жастағы футболшы арасында келіссөз жүріп жатыр екен.
Айта кетейік, Барколя өткен маусымда париждіктердің намысын 64 матчта қорғап, 21 гол мен 21 ассисттің авторы атанды.