14.01.2026 14:57
Рэшфорд «Барселонада» қалады
14.01.2026 14:57
«Барселона» Маркус Рэшфордты «Манчестер Юнайтедтен» толықтай сатып алмақ

Каталония клубы 28 жастағы ағылшын шабуылшысын маусым соңына дейін жалға алған еді. Сондай-ақ келісімшартта 30 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.
Николо Скираның хабарлауынша, «блауграна» сол мүмкіндікті іске қосқысы келеді. Клуб басшылығы мен бас бапкер Ханси Флик Маркусқа дән риза екен. Сондықтан оған 2030 жылға дейін жарамды болатын келісімшарт ұсынбақ.
Рэшфорд «Барселона» сапында 27 матчта жеті гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.