14.01.2026 14:41

«Ньюкасл» ойыншысы қатардан шықты

14.01.2026 14:41

«Ньюкасл» қорғаушысы Тино Ливраменто жарақат алды

23 жастағы ағылшын Англия кубогының 1/32 финалындағы «Борнмутқа» (3:3, пен. 7:6) қарсы ойында тізе асты сіңірін зақымдап алыпты. Осыған байланысты ол шамамен сегіз апта командасына көмектесе алмайды.

Бұл оның осы маусымдағы үшінші жарақаты болды. Осыған дейін тізесі екі рет сыр беріп, 70 күні емделуге кетті. Салдарынан 13 матчтан тыс қалды.

Тино осы маусымда 19 матчқа қатысып, бір гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram