14.01.2026 11:43

Бруну Фернандеш «Манчестер Юнайтедтен» кеткісі келеді

14.01.2026 11:43

«Манчестер Юнайтед» капитаны Бруну Фернандеш клубтан кетуі мүмкін

Питер Холлдың хабарлауынша, 31 жастағы Португалия ойыншысы командада қалғысы келмейді. Оны «қызыл сойқандарда» болып жатқан қазіргі ахуал шаршатып жіберіпті.

Бұған дейін 5 қаңтарда манкуниандықтардың бас бапкері Рубен Аморим жұмысынан қуылған еді. Одан кейін Даррен Флетчер уақытша тәлімгер болды. Ал кеше Майкл Кэррик ресми түрде маусым соңына дейін бас бапкер болып тағайындалды.

Айта кетейік, Бруну «Манчестер Юнайтед» намысын 2020 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 20 матчта бес гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram