14.01.2026 11:19
«Барселона» «Манчестер Сити» ойыншысына көз тікті
14.01.2026 11:19
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва «Барселонаға» ауысуы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Каталония клубы келер жазда келісімшарты аяқталатын 31 жастағы Португалия ойыншысын қатарына еркін агент ретінде қосуды көздеп отыр. «Блауграна» бұл трансфер жөнінде «Манчестер Ситимен» осы қыста сөз байласып қойғысы келеді.
Силва «қалалықтардың» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 29 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.