14.01.2026 14:00

Ибрагимович «Аякс» ойыншысы атанды

14.01.2026 14:00

Максимилиан Ибрагимович «Аякс» ойыншысы атанды

Амстердамның клубы 19 жастағы швед вингерін «Миланнан» сатып алу құқығымен жалға алды. Ол жаңа клубында 27-нөмірмен доп тебеді. Сондай-ақ «Милан» футболшының келесі трансферінен үлес алады екен.

Осылайша Максимилиан әкесі Златанның бұрынғы клубында ойнайтын болды. Ибра «Аякстың» намысын 2001-2004 жылдары аралығында қорғаған еді.

Айта кетейік, Максимилиан Ибрагимович осы маусымда «Миланның» жастар клубында 17 матчта бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram