14.01.2026 14:14
Эн-Несири АПЛ клубына ауысуы мүмкін
14.01.2026 14:14
«Фенербахче» шабуылшысы Юссеф Эн-Несири мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, 28 жастағы Марокко ойыншысын «Эвертон» тез арада қатарына қосып алғысы келеді. Қос тарап арасында нақты келіссөз басталып кетіпті. «Фенербахче» болса Юссефті сатуға да, жалға беруге де дайын екен.
Эн-Несири осы маусымда 25 матчта сегіз гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Оның Түркия клубымен келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.