19.03.2026 21:04
Рафинья Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы атанды
19.03.2026 21:04
Рафинья Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчтары бойынша үздік ойыншы атанды

«Барселона» жартылай қорғаушысы «Ньюкаслға» (7:2) қарсы матчта дубль жасап, екі нәтижелі пас берген еді.
Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Винисиус Жуниорды («Реал»), Франсишку Тринкауды («Спортинг») және Доминик Собослаи («Ливерпуль») артқа тастады.
29 жастағы бразилиялық ойыншы осы маусымда 30 матчта 19 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.