19.03.2026 18:06
Аргентина құрамасына шақырту алған ойыншылар белгілі болды
19.03.2026 18:06
Аргентина құрамасының наурыз айындағы матчтарына шақырту алған ойыншылар тізімі белгілі болды

Бас бапкер Лионель Скалони жасақтаған құрамға мына футболшылар кірді:
Қақпашылар: Эмилиано Мартинес («Астон Вилла»), Херонимо Рульи («Марсель»), Хуан Муссо («Атлетико»);
Қорғаушылар: Науэль Молина («Атлетико»), Кристиан Ромеро («Тоттенхэм»), Леонардо Балерди («Марсель»), Николас Отаменди («Бенфика»), Гонсало Монтьель, Маркос Акунья (екеуі де – «Ривер Плейт»), Томас Паласиос («Эстудиантес»), Габриэль Рохас («Расинг Авельянеда»), Николас Тальяфико («Лион»), Маркос Сенеси («Борнмут»);
Жартылай қорғаушылар: Леандро Паредес («Бока Хуниорс»), Алексис Мак Аллистер («Ливерпуль»), Максимо Перроне, Нико Пас (екеуі де – «Комо»), Валентин Барко («Страсбур»), Родриго Де Поль («Интер Майами»), Энцо Фернандес («Челси»), Эксекиэль Паласиос («Байер»), Тьяго Альмада («Атлетико»);
Шабуылшылар: Лионель Месси («Интер Майами»), Джанлука Престианни («Бенфика»), Хулиан Альварес, Николас Гонсалес, Джулиано Симеоне (бәрі – «Атлетико»), Флако Лопес («Палмейрас»).
«Альбиселесте» 1 сәуір күні Гватемаламен жолдастық кездесу өткізеді. Одан бөлек 27 наурызда Испаниямен Финалиссима аясында жолғуы керек еді, бірақ ол Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты болмайтын болды.
Айта кетейік, Месси бастаған ұжым биылғы Әлем чемпионатында Алжир, Аустрия және Иорданиямен J тобында ойнайды.