25.09.2025 11:14
Рафаэль Уразбахтин: Хаби Алонсодан біраз нәрсе үйрендім
25.09.2025 11:14
«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин EFE-ге берген сұхбатында Хаби Алонсоға қатысты пікір білдірді.
«Хаби Алонсо тізгіндеген кезде «Байерді» бақылайтынмын. Ойындарын көру арқылы біраз нәрсе үйрендім. Леверкузендегі жұмысы қатты ұнады.
Тіпті интернеттен тапқан жаттығуларын да көретінмін. Бапкер ретінде көп нәрсе түртіп алдым.
Ол «Байермен» 51 матч жеңілмей, ғаламат жетістікке қол жеткізді. Сөзсіз, жоғары деңгей. Мен үшін оны көріп және қарсы ойнау үлкен мәртебе болады», – деді 46 жастағы маман.
Чемпиондар лигасының 2-турындағы «Қайрат» – «Реал» матчы 30 қыркүйек күні Алматыда өтеді.