17.09.2025 22:59

Рафаэль Уразбахтин: «Аянып қалмаймыз»

17.09.2025 22:59

Дәл қазір Лиссабон қаласында «Спортинг» – «Қайрат» матчының баспасөз мәслихаты өтіп жатыр

Алматылық ұжымның бас бапкері Рафаэль Уразбахтин командасының турнирдегі басты мақсатын айтты.

— «Біз УЕФА Чемпиондар лигасына шығып, мақсатымызға жеттік. Енді біріншіліктегі ойындарға назар аударып, чемпион атануымыз керек. Дегенмен Чемпиондар лигасында да барымызды саламыз. Қандай да жоспар жайлы ашық айтпаймыз. Рахаттанып ойнап, ел намысын асқақтатуымыз үшін күресеміз. Қолдан келгенімізді жасаймыз. Аянып қалмаймыз»,– деді қазақстандық маман.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының бірінші туры аясындағы «Спортинг» — «Қайрат» кездесуі ертең 18 қыркүйек, сағат 00:00-де өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram