11.09.2025 13:35

ҚПЛ матчтарында шетелдік реферилер төрелік етеді

11.09.2025 13:35

Қазақстан Премьер-лигасының матчтарында шетелдік реферилер төрелік етеді.

Азия-Спорт хабарлауынша, «Қайрат» – «Ақтөбе» матчында қырғызстандық Нурзатбек Абдикадир бас төреші болады.

Ол соңғы рет Өзбекстан мен Иран арасындағы CAFA Nations Cup финалында қызмет еткен.

Ал AS News мәліметінше, «Астана» – «Елімай» ойынын португалиялық Жоау Гонсалвеш тізгіндейді.

Жоау осы маусымда «Спортинг» – «Порту» матчында бас төреші болған еді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram