01.10.2025 16:12
Qazsport телеарнасы кешірім сұрады
01.10.2025 16:12
Кеше «Қайрат» – «Реал» матчы Qazsport телеарнасының ресми сайтында көрсетілмеді
Осыған байланысты телеарна футбол жанкүйерлерінен кешірім сұрап, арнайы жазба жариялады.
— «Құрметті көрермен! «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының трансляциясы барысында техникалық ақаулар туындап, көрерменге ойынның онлайн көрсетілімін толық көрсету мүмкіндігі болмады. Корпорация матчқа дейін толықтай техникалық дайындық шараларын жүргізді. Серверлердің қуаттылығы әдеттегіден үш есе көбейтіліп, бейне ағынын жеткізу қызметі оңтайландырылды. Алайда, матч басталған сәттен туындаған мәселені жедел шешуге тырысқанымызбен, интернет желісіндегі сыртқы қиындықтарға байланысты ақауларды толықтай ретке келтіру мүмкін болмады.
Қазіргі таңда мәселеге қатысты кешенді техникалық талдау жүргізілуде. Туындаған қолайсыздықтар үшін көрерменнен кешірім сұраймыз»,– делінген хабарламада.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының 2-турында өткен кездесуде «Қайрат» «Реалға» 0:5 есебімен жеңіліп қалды.