01.10.2025 12:46
Мбаппе ЧЛ үздік сұрмергендері тізімінде 6-орынға көтерілді
01.10.2025 12:46
«Реал» ойыншысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендері тізімінде бір саты жоғарылады
Француз шабуылшысы кеше «Қайратқа» (5:0) қарсы ойында өзінің турнирдегі 58, 59 және 60-голдарын соқты.
Осылайша бұл көрсеткіш бойынша Томас Мюллерді (57) басып озып, 6-орынға көтерілді.
Үздік бестіктің қатарында Криштиану Роналду (140), Лионель Месси (129), Роберт Левандовски (105), Кәрім Бензема (90) және Рауль (71) бар.
Айта кетейік, Мбаппе 60 голдық межені 88 матчта бағындырды.