14.10.2025 01:35

Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен тең тарқасты

14.10.2025 01:35

2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Қазақстан сырт алаңда Солтүстік Македониямен тең түсті

Скопье қаласында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

54-минутта ұлттық құрамадағы дебют матчына шыққан Дінмұхамед Қараман қайшылай гол соғып, есеп ашқан еді. Алайда 74-минутта Энис Барди айып добынан қақпа саңылауын тауып, Қазақстан құрамасын жеңістен айырды.

Осылайша жеті ойында жеті ұпай жинаған отандастарымыз турнир кестесінде төртінші сатыға жайғасты. J тобында одан бөлек Бельгия, Уэльс және Лихтенштейн құрамалары бар.

Талғат Байсуфинов шәкірттері келесі турда 15 қараша күні Бельгияны қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram