14.10.2025 19:12

Қазақстан құрамасы Өзбекстанға жол берді

14.10.2025 19:12

Қазақстан U21 құрамасы Өзбекстан U20 командасына жол берді

Ташкентте өткен екінші жолдастық ойында біздің жігіттер 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Бірінші кездесуде де өзбек футболшыларының пайдасына (0:1) шешілген еді.

Осылайша жастар қатарынан төртінші ойында қарсыласына есе жіберді. Бұған дейін 2027 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Англия (0:2) мен Андорраға (0:1) ұтылды.

Денис Мамонов шәкірттері келесі матчын 13 қараша күні Словакияға қарсы өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram