13.10.2025 19:04
ӘЧ-2026: Ғалымжан Кенжебек үздіктер қатарына енді
13.10.2025 19:04
2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирінің 7-турдағы үздік гол анықталды
Бұл марапат Әзербайжан (3:0) қақпасының торын тулатқан Килиан Мбаппеге бұйырды.
Ал отандасымыз Ғалымжан Кенжебектің Лихтенштейнге (4:0) соққан бірінші голы үздік үштікті түйіндеді.
Сондай-ақ Израильге (5:0) хет-трик жасаған Эрлинг Холанд үздік ойыншы деп танылды.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы бүгін 23:45-те Солтүстік Македониямен кездеседі. Ойынды Qazaqstan және Qazsport телеарнасынан тамашалай аласыздар.