09.09.2025 19:11
Ғалымжан Кенжебек РПЛ клубына ауысуға жақын
09.09.2025 19:11
Қазақстан құрамасы мен «Елімай» ойыншысы Ғалымжан Кенжебек мансабын Ресей чемпионатында жалғастыруы мүмкін
Чемпионат порталының мәліметінше, 22 жастағы жартылай қорғаушы «Акрон» клубымен келісімге келіпті.
Қос тарап арасындағы келіссөз аяқталуға жақын екен. Тек ресми құжаттарға қол қою ғана қалды.
Кенжебек «Елімай» сапына биыл 3 шілдеде қосылған еді. Осы аралықта ел біріншілігінде жеті матч өткізіп, төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Одан бөлек мансабында «Кошице», «Қайрат», «Акритас Хлоракас», «Мақтаарал» және «Жеңіс» клубтарында доп тепкен.
Ал Қазақстан ұлттық құрамасындағы тұсаукесер матчын былтыр қараша айында өткізген болатын. Ел намысын жалпы жеті матчта қорғап, бір голдың авторы атанды.
Айта кетейік, Ресей Премьер-лигасының жеті ойынында алты ұпай жинаған тольяттилік «Акрон» турнир кестесінің 13-сатысында келеді.