12.09.2025 17:16

Қазақстан Премьер-лигасына ауқымды өзгеріс енгізілді

12.09.2025 17:16

Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитеті Премьер-лигадағы клубтар санын арттыру туралы шешім қабылдады

Бүгін, 12 қыркүйекте өткен отырыстың нәтижесінде чемпионаттағы командалар саны 14-тен 16-ға дейін көбейетін болды.

Осылайша, биылғы маусымның қорытындысы бойынша ҚПЛ-ден бір клуб «ұшса», Бірінші лиганың үздік үш командасы жоғары дивизионға көтерілетін болады.

Ел чемпионатының турнир кестесіне көз жүгіртсек, 22 турдан кейін қауіпті аймаққа «Тұран» (15 ұпай) мен «Атырау» (12) жайғасқан.

Ал Бірінші лигада 50 ұпай жинаған «Каспий» көш бастап тұр. Екінші орынға «Ертіс» орныққан. Ақтаулықтар мен керекуліктердің арасын екі ұпай бөліп тұр. Сондай-ақ еншілерінде 41 ұпайдан бар «Алтай» мен «Шахтёр» ҚПЛ жолдамасы үшін таласып жатыр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram