17.11.2025 21:54
Қазақстан Молдовамен тең түсті
17.11.2025 21:54
Еуро-2027 іріктеу турнирі аясында Қазақстан U21 құрамасы өз алаңында Молдовамен тең тарқасты

«Астана Аренада» өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Біздің құраманың сапында Рамазан Бағдат гол соқты. Ал қонақтардың құрамында Николай Ротару 90-минутта пенальтиден есепті теңестіріп кетті.
Осылайша жастар қатарынан алтыншы ойында жеңіске жете алмады. Бұған дейін Словакия (1:2), Өзбекстан U20 (1:3, 0:1), Андорра (0:1) және Англияға (0:2) есе жіберген еді.
Бес ойыннан кейін төрт ұпай жинаған біздің жігіттер D тобында бесінші орында келеді. Құрамамыз келесі турда 27 наурыз күні Словакияны қабылдайды.