17.11.2025 21:40
Алаба «Реалда» қалғысы келеді
17.11.2025 21:40
«Реал» қорғаушысы Давид Алаба клубтағы орны үшін күрескісі келеді

«Реал Мадрид» қорғаушысы клубтағы қазіргі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Бойындағы жарақаттармен күресіп, негізгі құрам үшін барын салуға ниетті. Әлі де командаға көмектесе алатынына сенімді.
Танымал инсайдер Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, «Реал Мадрид» қорғаушысы Давид Алаба командада қалуды қаласа да, оның клубпен жаңа келісімге қол қоюы екіталай болып тұр. 33 жастағы ойыншының қазіргі келісімішарты 2026 жылдың маусымына дейін жарамды.
Егер Мадрид клубы шешімін өзгертпесе, Давид 2026 жылы еркін агент атанады. Соған қарамастан, тәжірибелі ойыншы мансабын аяқтау туралы ойлап жүрген жоқ. Өзге командалардың ұсыныстарын да қарастырмаған.