31.03.2026 18:56

Қазақстан FIFA турнирінде чемпион атанды

31.03.2026 18:56

FIFA Series жолдастық турнирі аясындағы екінші матчта Қазақстан құрамасы өз алаңында Комор Аралдарын тізе бүктірді

«Астана Аренада» өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 4-минутта Рамазан Оразов соқты.

Осылайша Ел құрамасы турнирдегі екі ойында да жеңіске жетіп, чемпион атанды. Бұған дейін біздің жігіттер Намибиядан (2:0) басым түскен еді.

Айта кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттері жазда екі жолдастық кездесу өткізеді. Алдымен 6 маусым күні Армениямен кездессе, араға үш күн салып Венгриямен шеберлік байқасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram