31.03.2026 15:06
Алонсо жазда «Ливерпульді» тізгіндейді
31.03.2026 15:06
Хаби Алонсо «Ливерпуль» бас бапкері атанады

Bild хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы маусым аяқталысымен қазіргі бапкер Арне Слотты жұмысынан босатып, оның орнына Хаби Алонсоны тағайындайды. Алонсо «қызылдарды» тізгіндеуге қарсы емес екен.
Осыған дейін 44 жастағы испан маманы «Реал» (2025-2026) мен «Байерді» (2022-2025) жаттықтырған еді. Одан бөлек ол футболшы ретінде дәл осы «Ливерпульдің» намысын 2004-2009 жылдары аралығында қорғаған.
31 турдан кейін 49 ұпай жинаған «Ливерпуль» Ағылшын Премьер-лигасында бесінші орында келеді.