31.03.2026 14:49
«Арсенал» ойыншысы «Атлетикоға» ауысуы мүмкін
31.03.2026 14:49
«Арсенал» вингері Габриэл Мартинелли «Атлетикоға» ауысуы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, Мадридтің клубы оны жазғы трансфер кезеңінде қатарға қосуды көздейді. Ал «Арсенал» жақсы ұсыныс түскен жағдайда сатуға дайын екен.
24 жастағы бразилиялық вингер «зеңбірекшілердің» намысын 2019 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 42 матчта 11 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.