31.03.2026 12:41

Палмердің бағасы бекітілді

31.03.2026 12:41

«Челси» жартылай қорғаушысы Коул Палмер клуб ауыстыруы мүмкін

The Sun хабарлауынша, оны «Реал», «Манчестер Юнайтед» және «Бавария» өз қатарынан көргісі келеді. Ал «Челси» басты ойыншысын 170 миллион еуроға бағалап отыр екен.

Осыған дейін Палмердің «Челсиден» кеткісі келетіні туралы ақпарат тараған еді.

23 жастағы ағылшын жартылай қорғаушысы «Челсиге» 2023 жылы «Манчестер Ситиден» 47 миллион еуроға ауысып келген. Ол осы маусымда 25 матчта 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram