31.03.2026 10:46

Мадуеке алдағы екі матчқа қатыспайды

31.03.2026 10:46

«Арсенал» вингері Нони Мадуекенің жағдайы белгілі болды

24 жастағы Англия құрамасының ойыншысы Уругвайға (1:1) қарсы жолдастық кездесуде сол аяғының тізесін зақымдап алған еді.

Осыған байланысты ол «Саутгемптон» (4 сәуір) мен «Спортингке» (7 сәуір) қарсы матчқа қатыспайды.

Мадуеке осы маусымда 31 матчта жеті гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram