31.03.2026 08:35

«Манчестер Ситиден» бір ойыншы кетеді

31.03.2026 08:35

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва осы жазда командадан кетеді

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайды.

Силва клуб ауыстыруға ниетті және кету туралы шешім қабылдап қойыпты. Қазіргі таңда оған Сауд Арабиясының, АҚШ-тың және Еуропаның ұжымдары көз тігіп отыр. Бернарду маусым аяқталысымен жаңа командасын таңдауға кіріседі.

31 жастағы португалиялық ойыншы «қалалықтардың» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 42 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram