30.03.2026 23:58

«Реал» ойыншысы «Арсеналға» ауысуы мүмкін

30.03.2026 23:58

«Реал» вингері Браим Диас «Арсеналға» ауысуы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, Лондонның клубы оны жазғы трансфер кезеңінде қатарға қосуды көздейді. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр екен.

Сондай-ақ Диасқа «Тоттенхэм» мен «Ньюкасл» қызығушылық танытуда, бірақ «Арсенал» оны алуға басты үміткер болып тұр. «Реал» болса ойыншысын жақсы ұсыныс түсіп жатқан жағдайда сатып жіберуге дайын.

26 жастағы Марокко құрамасының жұлдызы осы маусымда 31 матчта бір гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram