30.03.2026 17:57
Де Дзерби «Тоттенхэм» бас бапкері атануға жақын
30.03.2026 17:57
Роберто де Дзерби «Тоттенхэм» бас бапкері атануға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Лондонның клубы 46 жастағы италиялық маманға бес жылға жарамды болатын қомақты келісімшарт ұсынды. Оған сәйкес, Роберто бұрынғы жұмысынан әлдеқайда жоғары жалақы алады екен. Қос тарап толыққанды келісімге келуге өте жақын тұр.
«Қораздар» кеше, 29 наурызда бас бапкері Игор Тудормен қош айтысқан еді. Ал «Брайтон» мен «Марсельдің» бұрынғы бапкері Де Дзерби 11 ақпаннан бері жұмыссыз жүр.
31 турдан кейін 30 ұпай жинаған «Тоттенхэм» Ағылшын Премьер-лигасында 17-орында келеді.