30.03.2026 15:35
Гаттузо Италия құрамасынан қуылуы мүмкін
30.03.2026 15:35
Дженнаро Гаттузо Италия құрамасының бас бапкері қызметінен босатылуы мүмкін

The Touchline хабарлауынша, егер оның командасы Әлем чемпионатына жолдама ала алмаса Гаттузо қызметінен қуылады. Италия футбол федерациясы Босниядан жеңілісті кешірмейді екен.
48 жастағы маман Италияны өткен жазда тізгіндеген еді. Оның тұсында команда алты ойында жеңіске жетіп, тек бір матчта қарсыласына жол берді.
«Скуадра Адузрра» ертең, 31 наурыз күні Босния және Герцеговина құрамасынмен мундиаль жолдамасын сарапқа салады.