31.03.2026 10:18
«Бавария» ойыншысы «Бенфикаға» ауысуы мүмкін
31.03.2026 10:18
«Бавария» қорғаушысы Рафаэл Геррейру мансабын отанында жалғауы мүмкін

Record хабарлауынша, оған «Бенфика» қызығушылық танытып отыр. Лисабонның клубы Геррейруды жазда еркін агент ретінде алғысы келеді. Жозе Моуринью бастаған «Бенфика» Рафаэлді жоғары бағалайды.
Осыған дейін оның Мюнхен клубынан кететіні белгілі болған еді. Қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайды.
32 жастағы португалиялық ойыншы осы маусымда 23 матчта төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берді.