31.03.2026 12:04
Гана құрамасы бас бапкерсіз қалды
31.03.2026 12:04
Отто Аддо Гана құрамасының бас бапкері қызметінен қуылды

Қатарынан төрт матчта жеңілген «қара жұлдыздар» 50 жастағы маманды жұмысынан босатты.
Аддо құрама тізгінін 2024 жылдың наурызында ұстаған еді. Оның тұсында команда сегіз рет жеңіске жетіп, бес мәрте тең түссе, тоғыз ойында қарсыласына жол берді.
Гана биылғы мундиальда Англия, Хорватия және Панамамен L тобында сынға түседі.