31.03.2026 17:52
«Наполи» Лукакуға жаза қолданады
31.03.2026 17:52
«Наполи» Ромелу Лукакуға қатысты мәлімдеме жасады

32 жастағы шабуылшы жарақатына байланысты Бельгия құрамасының қосынынан кеткен еді. Ол содан бері «Наполиге» оралмай, жеке өзі жаттығу жасап жүр екен. Ал Неапольдің клубы бұған қатты наразы. Тіпті Ромелуға айыппұл салып, құрамнан шеттетіп тастауы мүмкін.
Лукаку «Наполи» сапына 2024 жылы «Челсиден» 30,7 миллион еуроға ауысып келген. Ол осы маусымда жарақатына байланысты тек жеті матчқа қатысып, бір гол соқты.