01.04.2026 03:09

Қатарынан үшінші рет: Италия Әлем чемпионатынан тыс қалды

01.04.2026 03:09

Әлем чемпионатына іріктеу турнирінің финалында Италия сырт алаңда Босния және Герцеговинаға есе жіберді

Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Италиялықтардың сапында Мойзе Кин есеп ашса, оған Харис Табакович жауап қайырды. Ал пенальти сериясында босниялықтар 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша «скуадра адзурра» қатарынан үшінші Әлем чемпионатына қатыспайды.

Ал «арыстандар» өз тарихында екінші рет мундиальда ойнау мүмкіндігіне ие болды. Эдин Джеко бастаған жігіттер В тобына түсті. Онда Канада, Қатар және Швейцария командалары бар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram