01.04.2026 02:10
Швеция мундиальға барады
01.04.2026 02:10
Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің финалында Швеция өз алаңында Польшаны тізе бүктірді

Сольна қаласында өткен кездесуде 3:2 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Энтони Эланга, Густав Лагербильке және Виктор Дьокереш мергендік танытты.
Осылайша «көк-сарылар» тарихында 13-рет мундиальға жолдама алды.
Грэм Поттер шәкірттері жаһан додасында F тобына түседі және Нидерланд, Жапония, Тунис құрамаларымен бақ сынайды.