01.04.2026 01:57

Түркия Әлем чемпионатына жолдама алды

01.04.2026 01:57

Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің финалында Түркия сырт алаңда Косоводан басым түсті

Приштинада өткен матч 0:1 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 53-минутта Керем Актюркоғлу соқты.

Осылайша «ай жұлдыздар» тарихында үшінші рет мундиальға жолдама алды. Бұған дейін 1954 және 2002 жылдары қатысқан.

Енді Винченцо Монтелло шәкірттері жаһан додасында D тобына түседі. Онда АҚШ, Парагвай және Аустралия командалары бар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram