01.04.2026 03:06

Чехия Әлем чемпионатына шықты

01.04.2026 03:06

Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің финалында Чехия өз алаңында Даниядан басым түсті

Прагада өткен матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, ол экстра-таймда 2:2 болып өзгерді. Ал пенальти сериясында чехтер 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Чехия өз тарихында екінші рет мундиаль жолдамасын иеленді. Бұған дейін 2006 жылы қатысқан.

Мирослав Коубек шәкірттері жаһан додасында А тобына түсті және Мексика Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея құрамаларымен ойнайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram